573 миллион теңге жымқырған бас есепші сотталды

cover Фото: Envanto

Атырау қалалық емханасының бас есепшісі 573 миллион теңгені жымқырды деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше бас есепші 2012-2023 жылдар аралығында өз есепшотына 573 миллионнан астам мемлекет қаржысын аударған.

«Ол ақша аудару түріндегі мәмілелер жасау арқылы алынған қаражатты заңдастырған, істі қарау барысында жауапкер 3 миллион теңгені өтеген. Өз кінәсін ішінара мойындаған есепші жеңілірек жаза қолдануды сұрады»,  деп мәлімдеді жоғарғы сот.

Айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Оның ұрланған қаражатқа алған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленеді. Апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар