«5 жыл»: Ер адам 10 мың теңгеге есірткі сатамын деп бас бостандығынан айырылды

cover Фото: freepik.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 10 мың теңгеге есірткі сатқан ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотталушы есірткі заттарын заңсыз өткізу мақсатында сатып алушыға салмағы 3,90 грамм болатын гашиш есірткі затын 10 мың теңгеге сатқан.

Сотталушы кінәсін мойындамады. 

«ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігінің санкциясы мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының жас баласы бар екенін жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды» делінген сот шешімінде. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар