42 жастағы Рауан Әбілханов 600 шақырымды бес күнде еңсеріп, рекорд орнатты

cover Фото: Қорғаныс министірлігі

Қазақстанда Рауан Әбілханов есімді 9 баланың әкесі 600 шақырымды бес күнде еңсеріп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Orda.kz.

Республика күніне орай Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасы бөлімімінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 600 шақырымдық супермарафонды еңсеріп, Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша жаңа рекорд орнатты. Әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, сержант 9 баланың әкесі, әскерде 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. 42 жастағы марафоншы шаңырағында 8 қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр.

Фото: Қорғаныс министірлігі

Марафонды бес күн бұрын елорданың «Көктал» саябағынан бастаған әскери қызметші Қорғаныс министрлігінің ғимараты алдында мәреге жеткен. Мұнда оны әскери оркестр, Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы, қызметтестері мен туған-туыстары қарсы алған.

Фото: Қорғаныс министірлігі

Марафоншының өзі бұл рекордқа жету оңай болмағанын айтады. Дегенмен, Қорғаныс министрлігі басшылығының, командирлерінің, жақындары мен жерлестерінің, сондай-ақ көптеген қазақстандықтың қолдауы оған үлкен күш берген.

Ол 15 жылдан астам уақыттан бері жеңіл атлетикамен айналысып келеді. 2022 жылы Рауан Әбілханов Алматы облысындағы «Әли» оқу орталығы мен Шелек ауылы арасындағы 350 шақырымдық қашықтықты 48 сағатта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордтар кітабына енген еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар