«30 жыл отасқан»: Түркістан облысында әйелі күйеуін буындырып өлтірді

cover Фото: freepik.com

50 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін желбегей белбеуімен өз үйінде қылғындырып өлтірген. Сотталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Түркістан облысындағы қайғылы оқиға биыл 22 сәуірде болған. Ерлі-зайыптының ортақ екі ұл, екі қызы бар. Олар әкелерінен өмір бойы теперіш көргендерін айтады. Айыптау орнындағы аналары да жылдар бойы зорлық-зомбылыққа шыдап келген. 

Сот барысында әйелінің қолынан қайтыс болған ер адамның тұрақты жұмысы болмағаны, тапқан табысын ішімдікке жұмсағаны анықталды. Әйелдің күйеуін өлтіру себебі де, ішімдікке ақша сұраудан басталыпты. Ашуға булыққан 50 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өз үйінде белбеумен буындырып өлтірген. 

Л.Х. үстінен адам өлтіру бабының 1-тармағы бойынша іс қозғалды. Ол өз кінәсін ішінара мойындады. Прокурор төрт баланың анасын 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар