«3 адамның өлімі»: Семей—Өскемен күре жолындағы апат

cover Фото: Pixabay

25 тамызда сағат 03:30 шамасында Семей мен Өскемен арасындағы күре жолда Toyota Land Cruiser мен Nissan Elgrand көліктерінің соғылып, жол апаты болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«1 жүргізуші мен 2 жолаушы қайтыс болып, 3 адам әртүрлі жарақат алды. Олар  медициналық мекемеге жеткізілді»,  деп хабарлады Абай облыстық полиция басқармасы.

Полиция қазіргі уақытта жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану тәртібін бұзу фактісі бойынша, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан апат бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар