296 млн теңге жұмсады: «ҚазАвтоЖол» өкілдері сотталды
«ҚазАвтоЖолдың» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Антикордың мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында Қордай аудандық сотының шешімімен «ҚазАвтоЖолдың» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д.Төлтаев, «ДорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У.Құрбанов және «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұл сотталды.
Олар Қазақстан мен Қырғызстан шекерасындағы «Қордай» пунктін салу, кеңейту және реконструкциялау жұмыстарын атқару үшін 296 млн теңгеден астам бюджет қаражатын пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Айыпталушылардың жымқыру ісі орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қою, жұмыс түрлеріне екі есе ақы төлеу, жабдық құнын асыра бағалау мен жеткіліксіз жолдармен жасалған,
Төлтаев пен Құрбановқа тиісінше 10 жыл мерзімге жол-құрылыс жұмыстарымен және құрылыс жұмыстары саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, Мұсақұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 10 жыл мерзімге инжинирингтік қызметтер көрсетумен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот актісі әлі де заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу