27 млн жымқырған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды
Фото: Envanto
27 миллион теңге ұрлады деген күдікті қазақстандық әйел Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 миллион жымқырған есепші Түркияға қашып кетті.
«Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматын қаражатты заңсыз иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға Түркия Республикасынан экстрадициялады», деп хабарлады Бас прокуратура.
Күдікті 2022–2023 жылдары Алматы қаласында есепші болып жұмыс істеп жүріп, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы кәсіпорынның 27 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған.
Қылмыстан кейін ол із-түссіз жоғалып, халықаралық іздеуде болды. 2024 жылдың тамыз айында ол Түркияда ұсталып, кейін қазақстандық құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір ол Астанадағы тергеу абақтысында. Ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды