256 қандас Түркіменстаннан Маңғыстауға көшірілді

cover

13 мамыр кешке Жаңаөзенге Түркіменстаннан 256 этникалық қазақ көшіп келді.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Қандастарды жергілікті тұрғындар мен олардың туыстары ән айтып, би билеп қарсы алды.

– Бір жыл бойы осы күнді күттік. Ол жақта келе алмай қалған көп туысымыз қалды. Сол себепті кеткіміз келген жоқ, қимай-қимай қоштастық. Бір жыл бойы күттік. Хабарласып, қашан келетінін сұрадық. Виза болған жоқ, – деді келгендердің бірі Ажаргүл.

Бастапқыда қандастар отырған пойыз Ақтауда тоқтау керек еді, алайда кейіннен тек Жаңаөзенде тоқтайтыны белгілі болды.

Қазақстанда туысы жоқтар артынан Ақтауға автобуспен жеткізілуі мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар