2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды

cover Фото: Mehmet Masum Suer/SOPA

9 наурызда Түркияда Ыстамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлы ісі бойынша сот процесі басталды. Экс-әкімге тағылған айыптардың жиынтығы бойынша  ол 2430 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 55 жастағы Экрем Имамоғлыға 140-тан астам айып тағылған. Олардың қатарында сыбайлас жемқорлық және қылмыстық ұйымды басқару сынды айыптар бар. Прокуратура оны 2430 жылға дейін түрмеге қамауды талап етіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық ісінен бөлек, прокуратура оны тағы бірқатар қылмыстарға, яғни тыңшылық және университет дипломын қолдан жасау бойынша айыптаған. Бұл диплом оған президенттікке үміткер болу үшін қажет болған. Бірақ кейіннен оның күші жойылған.

Сонымен қатар Имамоғлының 407 жақтасы да сот алдында жауап бермек. Олар оппозициялық саясаткер басқарған сыбайлас жемқорлық ұйымын құрды деп айыпталуда. Прокурорлар экс-мэрді осы ұйымның «негізін қалаушысы әрі жетекшісі» деп атады. 

Алайда бұрынғы әкім мен оның жақтастары барлық айыптарды жоққа шығарып отыр. Олар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен оның одақтастарын саяси қысым ұйымдастырдыдеп айыптады.

Еске салайық, былтыр 19 наурызда Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлы ұсталды. Алайда мэр ұстала салысымен халық наразылық танытып, көтеріліске шықты. Полиция 2000-ға жуық адамды ұстап әкеткен еді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар