2026 жылғы МӘМС-тің жаңа ережелері: Медициналық көмекті бюджеттен алуға бола ма?
2026 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ережелері өзгереді. Осы орайда 3,5 миллионнан астам азамат сақтандырылмай қалып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет кімге қолдау көрсетеді, ал кім МӘМС жүйесінен мүлде қағылады? Саралап көрейік.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде 16,9 миллион адам сақтандырылған. Олардың 12 миллионға жуығы мемлекет төлейтін жеңілдікті санатқа жатады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3,5 миллионға жуық қазақстандық бұрынғысынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Құзырлы мекеме таратқан мәліметке сенсек, олардың көпшілігі, атап айтсақ 2,4 миллион адам - тұрмысы қолайлы немесе қанағаттанарлық деңгейде деп саналады екен. Олар медициналық сақтандыру қорына жарналарды өздері төлей бастауы тиіс.
1 миллионға жуық адам әлеуметтік осал топтарға жатады, олар үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС-ке жергілікті әкімдіктер жарна төлейтін болады. Бұл жердегі әңгіме табысы төмен қазақстандықтардың шамамен бес пайызы туралы болып отыр.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар медициналық қызметке жүгіну фактісі бойынша ғана олардың медициналық сақтандыруын төлейтін болады.
Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС бойынша жарна шығындарын жергілікті бюджеттерге аудару жоспарланып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінде бұл жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін әкімдіктердің тікелей жауапкершілігіне қатысты екенін атап өтті.
Бұрын хабарланғандай, 2026 жылдан бастап жұмыс берушілердің жарналарын және жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударымдарын есептеуге арналған қаражаттың жоғарғы шегі төмендегідей:
- Қызметкерлер үшін - 1,7 миллион теңге. Ең жоғарғы аударымдар - айына 34 мың теңге.
- Жұмыс берушілер үшін - 3,4 миллион теңге. Ең көп аударымдар - айына 102 мың.
Ескерерлігі жарна мөлшері өзгермейді: МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін кірістердің жоғарғы шегі ғана көтеріледі.
Еске салсақ, өткен аптада премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін дамыту және денсаулық сақтау саласына цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Онда ол қазір МӘМС 17 миллионға жуық адамды қамтып, олардың 12 миллионға жуығы жеңілдікті санатта екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді