2026 жылдың соңына дейін тоғыз жаңа ұшақ сатып аламыз
Фото: gov.kz
Билік жыл соңына дейін авиахабтар жобаларын іске қосып, халықаралық желіні кеңейтуге уәде берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еліміз 2026 жылы тоғыз жаңа ұшақ сатып алып, ішкі және халықаралық әуе қатынасын кеңейтеді. Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиеваның айтуынша, жыл соңына дейін әуе компаниялары әуе кемелері паркін шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтады. Билік сондай-ақ 23 әлеуметтік маңызы бар авиамаршрутты субсидиялау бағдарламасын жалғастыратын болады.
«2026 жылы Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады. Алматыда ішкі рейстердің терминалы қайта жөнделеді, ал Ақтау әуежайында перронға күрделі жөндеу жүргізіледі» , - деді ол.
Халықаралық әуе қатынасына келетін болсақ, рейстерді ашу және қайта бастау, сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД елдеріне ұшу жиілігін арттыру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Вена, Токио, Рим, Әбу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар және Варшаваны қоса алғанда, Еуропаға, Азияға және Таяу Шығысқа бағыттар жұмыс істейтін болады.
Бұрын жазғанымыздай, қысқы мерекелер кезінде Қазақстанда сұранысқа ие ішкі бағыттарда 100-ге жуық қосымша әуе рейстерін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, авиакомпанияларға рейстердің кешігуі жағдайында ұшақтар мен жерүсті техникасының резервін қарастыру тапсырылды.
Еске салсақ, бұдан былай елімізде дерекқордағы жеке мәліметтерді оңды-солды қолданғандарға ірі айыппұл салынады.
Жаңалықтар
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады