2023 жылы қазақстандықтар гүлге қанша ақша жұмсады?

cover

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі 2023 жылы қазақстандықтардың қай гүлді көбірек сатып алғанын мәлімдеді.

Ең танымал раушан гүліне елімізде өткен жылы 17,8 млрд теңге жұмсалған.

Қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие - раушан гүлдері , өткен жылы гүлдің осы түріне жұртшылық  40,2 миллион доллар жұмсаған (17,8 миллиард теңгеден астам), бұл ақшаға  112 миллион дана гүл әкелінді.

Сонымен қатар, біздің жиі сатып алатын гүліміз төмендегідей:

хризантема – 7,6 миллион долларға 15,8 миллион дана;

лалагүл – 1,5 миллион долларға 3,3 миллион дана;

қалампыр – $1,2 млн құны 6 млн данадан астам;

орхидея – 210,2 мың долларға 116,6 мың дана.

Жалпы, 2023 жылы Қазақстан $61,1 млн сомасына 149,8 млн гүл импорттады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен (47,3 млн доллар) 29%-ға артық.

Импорттың ең көп көлемі Эквадордан келеді: Қазақстан осы елден 37,5 миллион долларға гүл сатып алды. Өткен жылы Нидерландыдан жеткізілім 13,1 миллион доллар, Кениядан – 4,8 миллион доллар, Колумбиядан – 3,4 миллион доллар болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар