2023 жылы Алматы облысының 26 мыңнан астам тұрғыны өз ісін ашты
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2023 жылы облыстың 26 мыңнан астам тұрғыны өз ісін ашқанын хабарлады.
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес 1,5 триллион теңгенің өнімін жасаған. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес сегментінде облыстың 240 мыңға жуық тұрғыны жұмыспен қамтылса, кәсіпорындардың жалпы саны 136 мыңнан асады.
Аймақ басшысы атап өткендей, тұрғындардың шағын және орта бизнесті дамытудағы бастамаларына мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетілуде. Облыста ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында биылғы жылы 28,9 млрд теңге бөлінді.
«Экономиканың бұл саласы облыстың негізіне айналды, экономикалық қызметтің барлық дерлік саласын қамтыды. Біз бірқатар бағдарламалар қабылдадық, оның ішінде облыстық мал шаруашылығы бағдарламасы да бар. Сонымен қатар біз алдымызға кем дегенде бір жаңа кәсіп ашу міндетін қойдық. Жалпы, барлық ауылдық әкімдіктер бұл тапсырманы орындады.
Біз инфрақұрылымдық қолдау көрсетеміз. Күнделікті үйлерді қалпына келтіре бастадық. Олардың мемлекеттің немесе біздің ӘКК-нің меншігінде болуы міндетті емес. Тіпті жеке үйлерді қалпына келтіріп, субсидиялап, жан-жақты көмектесіп жатырмыз», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды