2023 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қай шахматшылар қорғайды?
Қазақстан құрамасы ХІХ Жазғы Азия ойындарында спорттың 30 түрінен 524 спортшымен өнер көрсетеді.
Шахмат жарысына Қазақстан атынан 10 спортшыдан тұратын команда қатысады. Қазақстанның намысын Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Аңсат, Рамазан Жалмаханов, Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова және Алуа Нұрманова қорғайды.
Классикалық шахматтан командалық жарыстар, ал жылдам шахматтан жекелей жарыстар өтеді. Жеке біріншілікте ерлер арасында Ринат Жұмабаев пен Қазыбек Нөгербек, әйелдер арасында Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өнер көрсетеді.
Шахматшылардың тәжірибелі жаттықтырушылары – Қазақстан Республикасы ұлттық құрамаларының бас бапкері Павел Коцур, ерлер құрамасының бас бапкері Әнуар Исмағамбетов, мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев, Александр Моисеенко және Владислав Ткачев.
« Біз Азия ойындарына өте мықты құрамды жіберіп жатырмыз және жігіттеріміздің жетістігіне сенімдіміз. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан бұған дейін шахматтан Азия ойындарында алтын жеңіп алған болатын. 2006 жылы Қажғалеев Мұртас Дохадада өткен Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл жолы да жақсы нәтиже күтеміз. Біздің шахматшыларымыз тамаша дайын, оларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз. Біз өз халқымыз үшін тамырласпыз», – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйекте Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында өтеді. Жарыс 8 қазанға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді