2 жылға мемлекеттік қызметкерлердің айлығын көтеруге тыйым салынды

cover Фото: Envanto

Қырғыстан президенті Садыр Жапаров екі жылға мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге тыйым салды, деп хабарлайды Orda.kz

Президент Садыр Жапаров 2024-2026 жылдарға арналған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға және жұмыс күшін кеңейтуге мораторий енгізді. Бұл жарлық 6 қыркүйекте «Еркін-Тоо» газетінде жарияланған.

Министрлiктердiң, комитеттердiң, Президент Әкiмшiлiгi мен Министрлер Кабинетiнiң жанындағы құрылымдық ұйымдардың, Президенттiң облыстардағы уәкiлеттi өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ жергiлiктi әкiмшiлiк органдарының қызметкерлерiне жалақыны көтеруге тыйым салынады.

Құжатта мұндай шаралар «мемлекеттік бюджет шығыстарын оңтайландыру» мақсатында қабылданғаны айтылған.

Соған қарамастан Жапаровтың өзі «арнайы шешімімен» жекелеген мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен қызметкерлер санын көбейте алады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар