19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтіргендердің апелляциялық шағымы қаралды
Коллаж: Orda.kz
Әскери соттың апелляциялық алқасы 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтіргені үшін сотталған адамдардың шағымдарын қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркістан облысында осы жылдың ақпанында Жасұлан Әбдіманапты 14 жерінен пышақтап өлтірген ефрейтор Мурод Әбдіжәмілов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы Диас Ибрагимов пен Адина Мамаева ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды. Ибрагимов екі жыл сегіз ай, ал Мамаева төрт жылға бостандығынан айырылған еді.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Нұртуған Өмірзақ алдын ала сөз байласу арқылы топтасып жасаған қасақана кісі өлтіру ісін қайта саралауды, моральдық зиян сомасын ұлғайтуды сұрады.
Сотталғандардың адвокаттары олардың кінәсі дәлелденбегенін және тек жанама дәлелдер келтірілгенін айтып, істі тоқтатуды талап етті.
Әскери соттың апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өз күшінде қалдырды.
Айта кетейік, сотталғандардың Жасұлан Әбдіманапты өлтіруіне марқұмның атына алған несиелері себеп болған. Мурод Әбдіжәмілов мүгедек жігітті өлтіріп, денесін айдалаға алып барып тастаған.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды