19 ақпанда Петропавл мектептерінде теракт болады деген қауіп төнді

cover

Желіде қаладағы жеті мектепте осындай қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полицияның баспасөз қызметі қазірдің өзінде аталған оқу орындарына шабуыл жасау қаупіне қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ведомство мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатқанына сендірді. Бұл мәселе ПД басшылығының жеке бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, бұндай хат бірінші рет жіберіліп отырған жоқ. Қаңтар айының соңынан бері интернетте Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат мезгіл-мезгіл пайда болды. 

Қостанайдан осындай хабарламаның бірінің авторы табылған, ол 10 жасар мектеп оқушысы болып шықты. Сондай-ақ Ақтөбедегі білім беру ұйымдарында лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарға байланысты полиция қызметкерлері көршілес елден келген 18 жастағы жігітті анықтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар