18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаны «Спортинг» жанкүйерлері қошеметтеді
Фото: UEFA
Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Португалияның әйгілі «Спортинг» командасымен кездесті. Есеп 4:1 болғанына қарамастан, жас қақпашы Шерхан Қалмұрза португалиялық жанкүйерлердің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірінші таймда алматылықтардың қақпасына пенальти тағайындалды. 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза соққыны қайтарып үлгерді. Ол командасын барынша қорғауға тырысты. Дегенмен тайм соңына қарай «Спортинг» есеп ашты.
«Қайрат» футболшылары 86-шы минутта бір гол соқты. Алайда кездесу 4:1 есебімен Португалия клубының жеңісімен аяқталды.
Ойын біткен соң алаңнан кетіп бара жатқан Шерхан Қалмұрзаға «Спортинг» жанкүйерлері қол шапалақтады. Олар жас қақпашыны ерекше құрметпен қарсы алды.
Айта кетейік, Алматыда өткен Премьер-лиганың 23-турындағы ең маңызды кездесулердің бірі – «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы матчта қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды