17 жастағы мотоцикл жүргізушісі шам тірегіне соғылып қайтыс болды

cover

Мотокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары ең қауіпті жарақаттарға алып келеді, деп хабарлайды Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Ақпарат Іnform.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

7 сәуір күні сағат 21: 20-да 17 жастағы жүргізуші «Reiser» мотоциклімен Қорғалжын тас жолы бойымен келе жатып, Байғанин көшесіне бұрылғанда рөлді басқара алмай, көше шамының тірегіне соғылды. Ол жол апатынан алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Мототехниканың қатысуымен болатын апаттардың көпшілігі, статистикаға сәйкес, мотокөлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алады. Мұндай апаттардың негізінде мотокөлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін жиі елемейді.

Мотоциклистердің кінәсінен болған оқиғалардың негізгі себептері жылдамдықты сақтамау, басып озу және маневр жасау қағидаларының бұзылуы, жүргізу дағдыларының және көлік құралдарын басқару құқығының болмауы. Сонымен қатар көбінесе тәжірибесіздік пен абайсыздықтан жастар ауыр жарақат алып жатады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар