17 мыңға жуық адам баспана кезегінен шығарылды
Фото: egov.kz
2024 жылдың мамыр айынан бастап 17 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылды.
Қазіргі таңда 650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр. Соның 255 140 жуығы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар. Тұрғын үй кезегіндегі тұрғандардың тізімін жыл сайын түгендеу барысында Қазақстанда жалпы 300 мыңға жуық адам тізімнен шығарылуы мүмкін екенін көрсетті. Ол санатқа талапқа сай келмейтін, баспанасы бар немесе заң бойынша тұрғын үй алуға өтініш беруге құқығы жоқ тұлғалар кіреді.
Кезекте тұрғандар арасында ең үлкен сәйкеспейтін мәліметтер мынадай болды:
- Кезекте тұрған адамның және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үй жылжымайтын мүлкі болса;
- Кезекте тұрған адамның отбасы мүшелері туралы деректердің сәйкес келмеуі;
- Әлеуметтік жағдайының сәйкес келмеуі толық емес отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектер және т.б;
- Мемлекеттік қызметші мәртебесінің сәйкес келмеуі, нақтырақ айтқанда АЖ-де ekyzmet порталында деректерінің болмауы сынды деректер.
Биыл мамыр айынан бастап министрлік kezekte.kz ақпараттық жүйесін әзірлеушілермен бірлесіп, кезекте тұрғандардың сәйкеспейтін мәліметтерін, жеке деректерін жаңарту қажеттілігі туралы SMS хабарлама арқылы хабардар қылады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерге мәліметтерді жаңарту үшін белсенді түрде келе бастады. Бүгінгі таңда 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданды. Мамыр айынан бүгінге дейін 17 000 азамат кезектен шығарылды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?