16 жастағы жасөспірім анасы мен қарындасын өлтіріп мәйітін өртеп жіберді
Фото: freepik.com
16 жастағы жасөспірім анасы мен 6 жастағы қарындасын жауыздықпен өлтірді. Қайғылы оқиға Бельгияда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей мен Украина арасындағы жағдай шиеленіскен кезде украиналық отбасы Бельгияға көшіп барған. Қанды қылмыс осы отбасында болды. 6 маусым күні жасөспірім 46 жастағы анасы мен қарындасына бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Кейін олардан біржола құтылу үшін мәйітті өртеген. Ең сорақысы, 16 жастағы оқушы қылмысын жасап болғаннан кейін, мектепке барып сабаққа қатысқан. Жасөспірімнің әкесі әлі де Украинада, майдан шебінде екені белгілі болды.
Алғашында марқұмның баласы күдікке ілінбеді. Бірақ 5 сағаттық тергеу нәтижесінде ол шынын айтты. Жасөспірім қылмысын мойындады. Алайда қанды қылмысқа бару себебін түсіндірмеді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, ресейлік стратегиялық бомбалаушы ұшақтарды жаруға қатысы бар деген күдікке ілінген украиндық Артём Тимофеев іздеуге жарияланды. Бұған дейін оның жұбайымен бірге Қазақстанға кетуі мүмкін екені айтылған еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды