16 жастағы қарағандылық Australian Open чемпионатының ширек финалына шықты

cover

16 жастағы қарағандылық жасөспірімдер арасындағы Австралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты.

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық.

Үшінші айналымдағы кездесуде қазақстандық жасөспірімдер арасындағы әлем рейтингінің 26-ракеткасы оңтүстіккореялық Чанджун Кимді ұтты.

Бірінші сет 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына аяқталса, екінші ойында Ким өз ойынын күшейтіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Шешуші үшінші сетте Омарханов 19 минутта - 6:0 есебімен басым түсті .

Жартылай финалға шығу үшін Амир Голландия өкілі Мес Ротгерингпен (25 ITF Juniors) шығуы керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар