15 жастағы оқушыдан сәби сүйген: Түркістанда әскери жасөспірім қызға «қолхат» жаздырып, қылмыстан құтылмақ болды

cover Фото: Threads/ Жазира Бегалы

Түркістан облысында 15 жастағы мектеп оқушысы 23 жастағы әскери қызметкерден жүкті болып, босанды, деп жазады Orda.kz.

Журналист Жазира Бегалы өзінің Threads парқшасындағы жазбаға қарасақ, әскери қызметкер жасөспіріммен некеге тұру арқылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтармақ болған. Алайда неке қиылғаннан кейін алты ай өткен соң, ол қыздан «өз еркіммен тұрмысқа шықтым» деген мазмұндағы қолхат жаздырып алып, төркініне апарып тастаған.

Бұл оқиғаны Orda.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент қалалық бөлімі растады. Түркістан облысының кәмелетке толмаған тұрғынының жүкті болғаны анықталған.

«Тексеру нәтижесінде бұл дерек бойынша Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғаны белгілі болды»,  деп хабарлады басқарма.

2025 жылдың 21 маусымында қыз бала босанды.

 Бұған дейін Алматыдағы кәмелетке толмағандар колониясынан қарақшылық бабымен сотталған бірнеше жасөспірімнің қашып кеткені туралы хабар тараған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар