15 жастағы қазақстандық Санкт-Петербург әуежайында қалып қойды

cover

Санкт-Петербург әуежайынан өте алмай қалған 15 жастағы қазақстандық Томирис Айтжанованың жағдайына ҚР Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.

Бұл туралы Orda.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

– Қазақстан азаматы Санкт-Петербургке Стамбул қаласы арқылы ұшып барған. Туысының айтуынша, ол Ресейге емделуге келген, бірақ тиісті құжаттары болмаған. Ресей Федерациясы ФСБ Шекара қызметі хабарлағандай, бірыңғай мемлекеттік қызметтер порталында бұл азамат туралы ақпарат жоқ, - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, ҚР Бас консулдығы барынша көмек көрсетіп, кәмелетке толмаған қазақстандық Ресей аумағына жеке негізде қабылданған.

Ол ҚР азаматтарының Ресейдің мемлекеттік шекарасынан өту ережелерін қатаң сақтауы қажеттігін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Томирис Айтжанованың Санкт-Петербургке емделуге келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Ол ешқандай ем қабылдауға бармаған. Барлық ережелер туралы біле тұра, Санкт-Петербургке ұшып барған. Біздің азаматтар шет елдің ережелерін ұстанғысы келмейді. Артынан бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында шу шығарып, өз мәселелерін шешуге тырысады, - деді Айбек Смадияров.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар