14 сәуірде республикалық күре жолда қозғалыс шектеледі

cover Фото: kolesa.kz

Республикалық күре жолдың Астана - Қарағанды - Алматы учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Orda.kz.

«14 сәуірде республикалық маңызы бар Астана-Қарағанды-Алматы тас жолында, Астана бағытындағы Қарағанды-Теміртау учаскесінде 193-194 шақырым аралығында жол жабыны ақауларын жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі» деп жазылған ҚазАвтоЖол хабарламасында.


Аталған бөлікте әдетте үш жолақты қозғалыс бар, бірақ жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы бір жолақ бойынша кері әдіспен жүргізіледі.

Сол себепті жүргізушілерден:

• ЖҚЕ белгіленген жылдамдық режимін сақтау;

• жолда мұқият болу;

• шұғыл маневр жасамау және авариялық жағдай тудырмау сұралады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар