13 жастағы баскетболшы ойын кезінде қайтыс болды
Фото: AiRom
Атырауда AiRom академиясының 13 жастағы тәрбиеленушісі Абдулазиз Тасболат дәл ойын кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасөспірім ойын алдында өзін жайсыз сезінген алайда өлімнің себебі әлі хабарланған жоқ. Болған оқиғаны AiRom академиясы өзінің ресми парақшасында мәлімдеді. Оның талабы биік, еңбекқор спортшы екенін тілге тиек етті. Әзірге медицина қызметкерлері мен құзырлы органдардан ресми түсініктеме берілген жоқ.
«Абдулазиз жарқын жүзді, жүрегі таза, мақсаты айқын жан еді. Алаңда да, өмірде де нағыз күрескер болатын, өзін әрдайым еңбекқор спортшы әрі шынайы дос ретінде көрсете білді. Ол AiRom атты үлкен отбасының ажырамас бөлігі ретінде біздің жадымызда мәңгі сақталады. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз. Абдулазиз туралы жарқын естелік оны танып, қадірлеген әрбір жанның жүрегінде мәңгі қалсын» деп жазды AiRom өзінің Instagram парақшасына.
Айта кетейік, осыдан 3 ай бұрын «Хан-Тәңірі» клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу «Екібастұзға» қарсы матчта футбол алаңында көз жұмды.
Жаңалықтар
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады