«104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды

cover Instagram/104

Әлеуметтік желіде күннен күнге Қазақстанның музыка саласында жүрген азаматтарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жанжалдар көбейіп барады. Бұл жолы 104 атты лақап аты бар рэпер басты назарға ілікті, деп хабарлайды Orda.kz.

Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембек өзінің Instagram парақшасына Юрий Дробитьконың бес жыл бойы жұбайын ұрып-соғып келгенін жария етті. Оның айтуынша, зорлық-зомбылық эпизодтары баласының көз алдында болған.

Ал өзінің Threads парақшасына Юрий Say Mo-ға тікелей жауап жазбаса да, астарлы жауап қайтарды.

«Бүгін менің тоқтаған күнім. Жайғасыңыздар және балаларды экраннан алып кетіңіздер» деп жазды 104.

Юрий Дробитьконың әйелі бұл жанжалды үнсіз қалдырмай, өзінің Threads пен Instagram парақшасына 7 сәуір күні ажырасып кеткенін және барлық әкелік міндеттемелерді бұрынғы күйеуінің орындап жүргенін және Мөлдір Есембектің оның суреттерін рұқсатсыз жариялағанын да жазды.

Еске сала кетейік, белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті.
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар