102 жастағы әжей туған күнінде парашютпен секірді

cover Фото: facebook / BENHALL VILLAGE SOCIAL CLUB

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Манетт Бейли 102 жасында Ұлыбританиядағы ең қарт парашютист атағын жаңартты. Туған күнінде алғаш парашютпен секірген ол ханзада Уильямнан құттықтау алды.

 Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Бұрын Корольдік әскери-теңіз қызметінде қызмет атқарған Манетт Бейли досының 85 жастағы әкесінің осындай батыл қадамын көріп шабыттанып, алғаш рет парашютпен секіремін деп шешіпті. Бұған дейін рекорд 101 жасында парашютпен секірген Верден Хейеске тиесілі болған.

Манетт Бекклс қаласының үстінен секірді. Оны 50 көрермен қолдады. Бұл акция оның туған күнін ерекше атап өтумен қатар, қайырымдылық мақсатында ақша жинаудың жолы болды. Жиналған қаражат оның жанына жақын ұйымдарға, соның ішінде 1969 жылы оның ұлының өмірін құтқарған East Anglian Air Ambulance әуе жедел жәрдеміне, моторлық нейрон ауруы қауымдастығына және жергілікті ардагерлер клубына жіберілетін болды.

East Anglian Air Ambulance-да бұрын ерікті болған ханзада Уильям Бейлидің батылдығы мен қайырымдылығына риза болып, туған күнімен арнайы құттықтады. Қазіргі уақытта Бейли жоспарланған 30 мың фунт стерлингтің 10 мыңын жинады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар