1 қазан - радио қызметкерлері күні болып жарияланды

cover

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды, 1 қазан радио қызметкерлерінің ресми күні болып жарияланды.

 Бұл туралы  Orda.kz  Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тelegram -ресми каналына сілтей отырып  хабарлады.

Министрлік хабарлағандай, 2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан   Радио қызметкерлері күні болып жарияланды.

Бұған дейін, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазан күнін Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.

Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжануда.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар