Зорлық пен кемсіту: Қазақстандағы транс*адамдар қалай өмір сүріп жатыр?
Қазақстанда транс*адамдардың өмір сүруі қиындап кетті. Оның басты себебі 25 қарашада қабылданған Ереже. Денсаулық сақтау министрлігінің осы Ережесі бойынша Қазақстанда жынысын өзгерткісі келетіндер тек 21 жастан бастап қана өзгерте алады. Бұған қоса Ереже талабы бойынша ондай өзгерістерді денесіндегі жыныстық сәйкестігі бұзылған адамдар ғана жасата алады.
Бұл жаңалық сарапшылар мен жынысын өзгерткісі келетін адамдар арасында біраз келіспеушілік тудыруда. Олардың есептеуінше министрліктің жаңа ережесі жынысты өзгертуді тым күрделендіріп жіберген. ORDA. жаңа ереженің екжей-тегжейіне назар аударды.
Министрліктің құжаты бойынша жасы 21 жеткен, жыныстық сәйкестігі бұзылған, бірақ іс-әрекеті қабілетті деп танылған адамдар ғана жынысын өзгерте алады. Ал психикалық жүйесінде, мінез-құлқында, ерте жыныстық даму сияқты аурулары бар адамдарға жынысын өзгертуге рұқсат жоқ.
Ал енді құжатқа сай келіп тұрған адамдардың жыныс өзгертуге рұқсат алуы үшін жүріп өтетін жолдары да «тар жол, тайғақ кешумен» бірдей деуге болады.
Алдымен өтініш білдіру, одан кейін тиісті мекемеде жүйкеңді тексерту, одан кейін тұрғылықты жерің бойынша бекітілген емханада медициналық қадағалаудан керек-керек емесі бар бірнеше дәрігердің алдынан тексеруден өту, одан кейін медициналық комиссиядан өту, одан кейін гормоналдық терапиядан өту...


Осы тексерістен өтіп, құжат жинаған соң тиісті комиссиядан өтесің. Комиссияның шешімі оң немесе теріс болуы мүмкін, яғни шешімде «жыныс өзгертуге болады, біраз емдік шаралардан кейін» деген, немесе себептерді атап «жынысты өзгертуге болмайды» деген қорытынды шығарылады.
Жынысты өзгертуге болады деген комиссия шешімінің жарамды мерзімі жынысты өзгертудің алғашқы және екінші кезеңін қоса есептегенде 6 айдан аспауы керек. Бұйрық жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде жүзеге асырыла бастайды.
Міне, қазақстандық ереженің ұзын жолы осындай екен. Ал бұл ережелер Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті Комиттерінің талаптарына қайшы келетіні белгілі болды.

БҰҰ-ның «Адам құқықтары жөніндегі» Комитеті 2016 жылы Қазақстанға транс*адамдарға гендер теңдігін беру туралы процедураның «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактысына» сәйкес болуын және хирургиялық жолмен жыныс өзгертуден бас тартуды ұсынған болатын.
Сондай-ақ 2019 жылы «Әйелдерді кемсітуді жою» туралы БҰҰ Комитеті Қазақстанға трансгендерлік әйелдерді «әйел» деп танудың бірден бір жолы хирургиялық жол деген шешімнен бас тартуды ұсынған болатын.
Осымен қатар 2018 жылы құрамында денсаулық министрлігінен, азаматтық қоғам өкілдері, медициналық қызметкерлер, транс*адамдардың өкілі бар жұмыс тобы құрылып, жынысты өзгерту үшін жүргізілетін түрлі кемсітушілік шараларынан, оның ішінде міндетті түрдегі хирургиялық коррекция мен гормоналды терапиядан бас тартуға бағытталған ұсыныстар енгізген болатын. Бұл ұсыныстар WPATH( Дүниежүзілік мамандандырылған трансгендерлер Ассоциациясы) және адам құқықтарының халықаралық стандартына сай жасалып, жыныс өзгертудегі медициналық куәліктендіруді жақсарту және оны қолжетімді етуге бағытталған болатын.
Ал транс*адамдарды медициналық куәліктендірудің жаңа ережесінде осы ұсыныстардан не өзгерді, қай ұсыныс қабылданды? Өкінішке қарай, ешнәрсе өзгермеді. Бәрі сол баяғы таз қалпында қалған.
Шенеуніктер сол баяғыша, бір айтқанын мың айтып, ескі әуенінен қайтар емес. Мысалы,сол бұрынғыдай транс*адамдар хирургиялық стерилизациядан өту керек, гормоналды препараттар ішу керек... Ал денсаулығына байланысты бұлардан бас тартқан жағдайда медициналық комиссияның шешімі берілмейді.
Бұл дегеніңіз Жұмыс тобының, БҰҰ-ның «Адам құқықтары жөніндегі Комитеті» мен «Әйелдерді кемсітуді жою Комитеті» ұсынған маңызды ескертпелер жаңа ережеге кірмей қалды деген сөз. Бұл сұрақтарға осы ережені дайындаған Денсаулық сақтау министрлігі жауап берер деген үміттеміз – дейді ALMA-TQ ұйымы.
ORDA. осы сұрақтардың барлығын Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған еді, алайда бұл материал шыққанға дейін айтулы ведомстводан еш хабар түспеді.
Alma-TQ белсендісі Виктория
«Жыныс өзгертуге медициналық хирургиялық араласуды міндеттеу – бұл мемлекет тарапынан жасалынып жатқан өте дөрекі құқық бұзушылық. Қазақстандағы трансгендерлердің өмірі туралы не айтуға болады? Жүргізілген зерттеулерге қатысқандардың 80 % гендерлік сәйкестігіне сай құжаты жоқтар. Хирургиялық коррекцияны талап ету – құжатты ауыстыруға келгенде ең басты кедергі болып табылады. Ал құжатсыз жүру трансгендерлерді түрлі кемсітулерге ұшыратады. Жұмысқа тұруда, оқуда, мемлекеттік немесе коммерциялық қызметтер қажет болған жағдайда, шетелге шығар сәттерде. Зерттеуге қатысқан 130 трансгендердің 47-нің айтуынша құжаттағы түріне сәйкес келмейтін бейнесі табысының аздығына да тікелей әсер етеді. Сұралған 45 трансгендер оқуға кедергі десе, 65-і жұмысқа тұруда қиындықтар болатынын» айтты.

Ирина Ленская, республикалық «Психикалық денсаулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының дәрігер-психиатры
«Қазақстан трансгендерлік куәліктендіру жағынан өте артта қалып тұр. Осы «Жынысты өзгерту және оның нәтижесі бойынша медициналық куәліктендіру туралы Ережені» жазған адамдар өте архаикалық терминологияны пайдаланған. Мұнысымен олар базалық құқықты бұзып отыр. Біз ілгерілегеннің орнына кері жүрдік. Дүниежүзінде жоқ нәрсені Денсаулық сақтау министрлігі қайдан ойлап тапқан? Құжат алу үшін хирургиялық араласудың на қажеті бар? Бұны жазғандар гендер мен жыныстың айырмашылығынан бейхабар жандар, білмейді не екенін. Гендер дегеніміз – тек бойынша жыныстық айырмашылықты көрсететін ұғым, яғни ,әлеуметтік салада сен еркексің немесе әйелсің. Жыныс - адамдардың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері. Қазір транс*адамдардың көбісі хирургиялық коррекциясынсыз-ақ жүр. Дүниежүзінің бірде бір елінде мұндай талап жоқ. Біз осы мәселеде көп елдерден артта қалып қойдық. Мәселен Қырғызстанда жынысыңды өзгерту үшін хирургиялық ота жасатудың қажеті жоқ. Бұл жағынан қырғыздар бізден озық тұр».
Психиатрдың айтуынша Қазақстанда транс*адамдардың тағдыры мемлекетті толғандырып жатқан жоқ. Біздер тіпті «трансгендер» деген сөзден қорқамыз дей келе министрліктің шығарған ережелерінің кейбір талаптарына келіспейтінін жеткізді. Мысалы жыныс өзгерту неге 21 жастан болуы керек, неге 18 жастан емес, комиссияның шешімі неліктен тек алты айға ғана жарамды? Мүмкін трансгендер бұл мерзім ішінде операцияға ақша тауып үлгермейтін шығар? Қазақстанда жынысты өзгерту операциясы арзан емес – 1-3 миллион теңге. Әйелден еркек болғыңыз келсе одан да қымбат. Сондай-ақ Ленскаяның айтуынша трансгендерлер қоғамның әлсіз тобына жататындар. Олар көбіне қорғансыз болады. Мүмкін сондықтан болар, Transrespect versus Transphobia Worldwide зерттеулер жобасының деректері бойынша 2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін дүниежүзі бойынша 350 транс*адам кісі қолынан қаза тапқан. Бұл көрсеткіш әсіресе Бразилия(152), Мексика(57) және АҚШ-та(28) жоғары екен.
COVID-19 кесірінен болып жатқан пандемия біздің әлеуметтік айырмашылығымыз бен теңсіздігімізді тереңдетіп жатса, трансгендер адамдар да заңдардың осалдығынан қорғансыздың күнін кешіп жатқаны байқалады.
Автор: Фариза Нарбекова
Аударған: Баян Танатарова
Жаңалықтар
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді