Тұрғын үй бағасы соңғы 20 жылда 14 есе өсті

cover

Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) зерттеу жұмысын жүргізді. Онда 2000 жылдан 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысының қалай дамығанын анықтады. ҚазҚСҒЗИ мамандары соңғы 20 жыл ішіндегі ҚР-дағы тұрғын үй бағасының өсу динамикасына бақылау жүргізген. Мекеменің ақпаратынша, 2000 жылы жаңа құрылыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 21 мың теңге, ал қайталама нарықта - 8 мың теңге болған.

Ақпарат Кursiv.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бағаның өсуі 2004 жылы қарқын ала бастады – жаңа тұрғын үй кешендерінде тұрғын үйдің шаршы метрі 70 мың теңгеге, ал қайталама нарықта – 40 мың теңгеге сатылды.

Бағаның күрт өсуі 2007 жылы орын алды: жаңа құрылыстарда шаршы метр бағасы 161 мың теңгеге, қайталама нарықта – 136 мың теңгеге дейін көтерілді.

Тұрғын үй бағасының көтерілуі 2015 жылы қайталанды – жаңа құрылыстарда 1 шаршы метр орташа есеппен 258 мың теңге, ал қайталама нарықта - 190 мың теңге болды.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін қайталама нарықтағы бағаның біршама төмендеуі байқалды.

2019 жылы тұрғын үй бағасы тағы да күрт өсті: қайталама нарықтағы бағалар 1 м2 үшін 200 мың теңгеге, ал жаңа құрылыстарда 294 мың теңгеге дейін көтерілді, 2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша жаңа үйдің бағасы шаршысна 319 мың теңге, ал бұрынғы үйлерде 245 мың теңге болды.

Ұлттық статистика бюросы хабарлауынша, Қазақстанда 2021 жылғы наурызда тұрғын үй нарығында сатып алушылардың белсенділігі арта түскен. Ақпан айындағы рекорд жаңарып, тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 52 673-ке жетті. Өткен аймен салыстырғанда мәмілелер саны 28,2% - ға артты, бұл 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда 2,4 есеге көп.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар