«Жүкті қылған»: Түркістанда 8-сынып оқушысын зорлаған мигрант өмір бойына сотталды

cover Фото: freepik

Түркістан облысының Келес ауданында 8-сынып оқушысын зорлаған Өзбекстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жантүршігерлік оқиға ауылдық жерде болған. 37 жастағы ер адам туысына қонаққа келіп, көрші үйдің жасөспірім қызына жәбір көрсеткен.

Қыздың анасы баласының зорлық көргенін тек жүктілік кезінде білген. Осыдан кейін бірден құқық қорғау органдарына жүгінген.

Күдікті — шетел азаматы, екі баланың әкесі. Ол сот барысында өз кінәсін мойындамаған. Дегенмен, тергеу барысында барлық дәлелдер жиналып, оның айыбы толық дәлелденді.

Сот шешімі бойынша, ол енді өмірінің соңына дейін aйрықша режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар