Журналистердің телефон нөмірлері OLX.kz-ке шығып кетті: енді оларға күні-түні маза жоқ
Orda.kz фотоколлажы
Осы аптада Алматы мен Астанадан бірнеше республикалық БАҚ өкілдері ұялы телефондарына көптеген қоңырау легі арты-артынан түскеніне шағымданды, деп хабарлайды Opda.kz «Әділ сөзге» сілтеме жасап.
«Еркін сөз» қоры телефон шабуылының күшті болғаны сонша, журналистердің жұмыс істеуіне кедергі болғанын атап өтті. Қоңыраулар түнде де бес минут сайын келіп тұрған. БАҚ өкілдері бұл әрекетті оларға қысым көрсетудің бір түрі деп санайды.
Журналистердің нөмірлері OLX.kz платформасында жалған жарнамаларда жарияланған. Мәселен, Данияр Молдабековке алдымен күшік сату туралы сұрақтармен телефон соғып, кейін таксиге тапсырыс бергісі келгендер хабарласқан.
Журналист Нәзира Дәрімбет осыған ұқсас жағдайды айтып берді.
«Сосын менің әріптестерімде де дәл осындай мәселе бар екенін білдім. OLX-тен қоңырау жалғыз маған емес, біраз әріптестерімізге шалынған. Кеше кешкі уақыттан бері маған WhatsApp-қа қоңыраулар, хабарламалар келіп, менің арзан iPhone телефон сатумен айналысатынымды айтып жатыр. Осыған қатысты жарнаманы тауып алдым, оларға арыз жаздым, бірақ ол жарнама әлі ілініп тұр» деп жазды Дәрімбет әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, prodengi.kz редакторы Ирина Ледовских пен Forbes.kz журналисі Татьяна Панченко және тағы басқалар біреулердің жалған айыппен телефон соққанын хабарлады.
OLX.kz қолдау қызметі журналистердің шағымдарына жауап беріп, жалған жарнамаларды алып тастады, бірақ кейін жаңалары пайда болды. «Әділ сөз» мұндай әрекеттерді журналистердің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру деп бағаланып, бұл іс қылмыстық жазаға тартылады деп санайды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды