Журналист Жарылқап Қалыбайға көмек жинау жарияланды
Фото: qamshy.kz
Талай жылғы әріптесі, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай «Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналының Бас редакторы Жарылқап Қалыбайға көмек қаражатын жинау туралы үндеу тастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Рысбек Сәрсенбай өзінің фейсбуктегі парақшасында:
«Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналының Бас редакторы Жарылқап Қалыбайды білмейтін адам кемде-кем. Журналдарының таралымы жүз мыңнан асып, оқырмандар арасындағы бәйгеге 20 жылқы, түйе тігіп, дүркіреткен Жарылқап қаржы тапшылығына ұшырап, зейнетақы мен 2-топ мүгедегінің ақшасына қарап қалады деп кім ойлаған?!» деп жазды.
Оның айтуынша бәрі 2014 жылы Путинді Гитлермен салыстырып шығарған журнал санынан басталған. Ұзаққа созылған соттасулар, одан кейін журналды таратпау мақсатындағы экономикалық қысымдар оны қаржылай шығынға батырған.
«Соған қарамастан, журналдар бес жыл бойы шығып тұрды. Ақыры жабылды, табыс көзі үзілді. Бірақ ол қаламын қолынан тастаған жоқ, әлеуметтік желі арқылы халықты саяси-ағарту жұмыстарымен шұғылданды. Биліктің әділетсіздіктеріне қарсы тұрды. Әділдік пен шындық үшін күресті. Талай жылғы талас-тартыс оңай емес, іштей күйзеліске түсті. 2019 жылы ковидпен ауырып, әрең аман қалды» деп жалғастырады Рысбек Сәрсенбай.
Рысбек Сәрсенбай оның онкологиялық ауруға - бауыр обыры (ГЦК – гепатоцеллюлярлі карцинома) дертіне ұшырағанын білмей қалғанын да ашық жазды.
«Бір жылдан астам уақыт әртүрлі ем алып көрді. Екі мини-операция жасатты. Нәтиже болымсыз. Қазақстан,Түркия, Индияда емделіп көрді. Есесіне, дәрігерлік шешім анықталды. Жарылқап қанша қашса да құтылмады. Бауыр транспантациясын жасатпаса болмайды. Осыған дейінгі диагностика мен емге қыруар ақша кетті. Отбасы қаржысы таусылды. Күрделі операцияны Оңтүстүк Корея онко-хирургтарының жасауына сенім көрсетті. Операция және операциядан кейінгі кезеңнің шығынына 250 мың доллар керек» деп жазды ол.
Сонымен қатар ол халықтан қаржылай көмек сұрауды ұят санап, ұзақ уақыт қарсы боп жүрген.
«Бірақ олай етпесек, қауіпті аурудан аман қалу оңайға соқпайын деп тұр. Қадірлі ағайын, көмек көрсетемін деген қайырымды азаматтар үшін банк шоты ашылды» деп жазды ол.
Аталған шот нөмірі мен қажетті деректер Рысбек Сәрсебайдың әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілген.
Жаңалықтар
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
- Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: Тергеу жүйесіндегі негізгі мәселелер қандай?
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты