Журналист және карикатурашы Ибрагим Кубеков өмірден өтті

cover Фото: Facebook/ Евгений Кубеков

Қазақстандық журналист әрі карикатурашы Ибрагим Кубеков қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Журналистің қазасын оның ұлы — Евгений Кубеков жеткізді. 

«Кеше Бургас қаласында әкем Ибрагим Кубеков қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймын. Қоштасу күні мен орны туралы кейінірек айтамын. Туыстарыңызға қамқорлық көрсетіңіздер!» деп жазды журналистің ұлы Евгений Кубеков.

Ибрагим Кубеков — әйгілі журналист. Оның шығармашылық мәнсабы 1990 жылдардың басында, «Караван» газетінде басталған. Ол әзіл-оспақпен астарлы ойды шебер жеткізген адам ретінде елдің жадында қалды. Кубеков суретші ғана емес, сонымен қатар Алматы маңындағы Есік қаласында өзі газет ашқан журналист. Өз басылымында ол редактор, корректор, иллюстратор және тіпті таратушы ретінде де жұмыс істеп, еңбек сіңірді.

Orda.kz редакциясы марқұмның жақындарына қайғырып, көңіл айтады.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар