Журналист Мирболат Мырзатайұлы ұсталды

cover Фото: Мирболат Мырзатайұлының Facebook парақшасынан

Алматы қаласында түнде журналист Мирболат Мырзатайұлын полиция қызметкерлері алып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Азаттықтың мәліметінше, Мирболатты «терроризмге қарсы бөлім» өкілдері ұстаған. Туыстары оның соңғы рет 2 қыркүйек күні 16:30-дар шамасында Талғар қаласынан Алматы қаласына жолға шыққанын хабарлағанын айтты. Одан кейін ол хат-хабарсыз кеткен. Ал оның көлігі Талғар трассасындағы экопос тұрағынан табылған.

Журналисті не үшін ұстағаны туралы полиция департаменті әлі де түсініктеме бермеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар