Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
Фото: thevillage
Журналист Лұқпан Ахмедияровтың «Просто журналистика» арнасы кибершабуылдан соң Youtube-тан өшірілді, деп хабарлады Orda.kz.
Бұл жабылған арна – Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоровтың коммерциялық емес жобасы.
Бұл туралы Лұқпан Ахмедияров Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді. Журналистің айтуынша, бұған дейін де арнаға бірнеше рет кибершабуылдар жасалған. Ал бұл жолы «қаскөйлер» арна қолданған Youtube-тің тегін музыкаларының авторлық құқықтарын өздеріне рәсімдеп, арнаға қарсы шағым жазған. Осылайша Youtube әкімшілігі арнаны өшіріп тастаған.
«Біз 3 бейне reels-қа қолданған тегін музыкаға шағым түскен. Бірақ оларға Youtube ұсынған тегін музыкалар қойылған еді. Кибершабуылдаушылар авторлық құқықты өздеріне рәсімдеп алған», – дейді журналист.
Лұқпан Ахмедияров «Просто журналистика» Youtube арнасы өшірілгеннен кейін өзін «автормыз» деген жалған арна да Youtube-тан кеткенін айтты.
Айта кетейік, бұл журналистке жасалған алғашқы кибершабуыл емес. Шілде айының басында Лұқпан Ахмедьяров «Просто журналистика» Instagram парақшасының жойылып, орнына жалған парақша пайда болғанын және өзі полицияға шақыртылғанын айтқан еді.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды