Журналист Қымбат Досжан бельгиялық қазақ баласын перзентханада 4-5 күн емізген ананы тапты

cover Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы ақпаратты журналист «1001 түн» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Әлеуметтік желіде басым көпшілігі Жәнібекке жаны ашып жатса, енді біреулер «Қазақстанда не бар? Еуропаңда күшті ғой» дейді. Одан бөлек тағы бір топ болды. Сол топты зерттей келе болжамды ана ретінде құжат бойынша сол әйелдің есімімен екінші баласын дүниеге әкелген әйелді таптық. Бірақ екі рет тапсырған анализ сәйкес келмеді. «Үй жағдайындағы шаруаларды реттеп, түнгі сағат 10:00-де қайтып келемін» деген қолхат та сол ананың қолымен жазылған», – дейді журналист. 

Арқалық қаласының полицейлері Астанаға келіп тергеу ісін бастап кетті.

«Бастапқыда «Салғырттық» деген бап бойынша іс ашылып, кейін бұл оқиғаның болғанына 20 жылдан аса уақыт өткендіктен жауып тастады. Одан кейін Жәнібектің атынан мен прокуратураға арыз жаздым. Сөйтіп қаңтар айының аяғында басқа баппен тергеу басталды. Қазір тергеушілер Астанаға келді. Олардың осында жұмыс істеп жатқанына бір аптадай уақыт болды. Кеше сұхбат бергенімде 14 ана деп айттым. Ал бүгін 6 әйелдің анализі шықты. Жәнібек 1-2 күнде кетіп қалады. «Осының арасынан шығып қала ма?» деген оймен зертханадағылар түскен анализдерді шұғыл түрде тексеріп жатыр. 14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынды. Біз бүкіл редакция, «Қазақ радиосы» сол ер адам Жәнібектің әкесі болып шықса екен» деп Құдайдан тіледік. Бірақ амал нешік, ол да 0 болып шықты. Ол ер азамат та «менің балам болып шықса екен» деп келгенін айтты", – дейді Қымбат Досжан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар