Журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы бір мәрте аштық жариялады

cover Коллаж Orda.kz

Талдықорғандағы тергеу изоляторында жатқан журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрім тағы да аштық жариялады. 

Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлады. 

Кеше 11 тамызда, кешкі сағат 18:00-де ол аштықты бастады. Оған қоңырау шалуға мүмкіндік бермейді. Думан өзіне телефон беруін немесе Алматыға аударуын талап етеді», — деп хабарлады оппозионердің адвокаты Ғалым Нұрпейісов.

Думан Мұхамедкәрімді енді Семейге немесе Павлодарға аударуы мүмкін. 

«Үкім күшіне енген соң, оны бірден басқа жерге аударуға тырысады.  Дүйсенбі күні аппеляциялық шағым түсіруді бастаймыз. Аппеляциялық шағымды барлық адвокат жазады деп келістік, себебі бізге сан маңызды болып тұр», — деді Нұрпейісов.

Парламенттік сайлау нәтижесімен келіспеуіне қатысты митингіге шыққан ол 25 күнін абақтыда өткізген еді. 1 мамырда Думан Мұхаммедкәрім қайта ұсталды. Кейін оны «экстремизмді насихаттады» деген айыппен 2 айға түрмеге қамады. Ал 15 шілдеде абақтыдағы журналистің хал-жағдайы нашарлағанын жаздық. 

12 ақпан күні Мұхаммедкәрімге қатысты сот істері басталды. 12 ақпанда Қонаев қаласында өткен алғашқы сот кезінде Думан Мұхаммедкәрім полиция қысым жасағанын мәлімдеп, азаптауларға шағымданғанын жаздық. 5 наурызда Думан Мұхаммедкәрімге жасалған қысым іс жүзінде болғаны анықталды. 

Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі Қонаев қалалық сотының шешімін біліп қайтқан болатын. Думан Мұхаммедкәрім былтыр осы айыппен ұсталды. 20 рет сот отырысы өтіп, 2 тамыз күні үкім оқылды. Бүгін ол 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айырылды.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар