Жолда дөрекілік көрсеткен ІІМ магистранты қызметіне қайта оралды
Фото: Freepik.com
Сот полиция қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткен Қостанай ІІМ академиясының магистратурасында оқитын азаматқа қатысты жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жойды деп хабарлайды Orda.kz.
Қостанай облысында полиция академиясының магистратура тыңдаушысы жолда патруль қызметкерлеріне балағат сөз айтқаны үшін жұмыстан шығарылған еді.
«Наша газета» мәліметінше, Алайда сот жүргізілген қызметтік тергеудің заң талаптарына сай болмағанын анықтап, оның құқықтарын қалпына келтірді.
Патрульдік полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтып, оны тоқтатуға олардың құқығы жоқ екенін мәлімдеген жол талғамайтын көліктің жүргізушісі сотқа шағым түсірген. Ол жұмыстан шығару туралы бұйрықты жоюды және осы іске байланысты мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген күндеріне еңбекақы төлеуді талап еткен.
Сот шешімі бойынша, қызметтік тексеріс кезінде заңда белгіленген тәртіп бұзылған. Соның нәтижесінде ІІМ академиясынан Lexus көлігін тізгіндеген тыңдаушыны шығару және оны ішкі істер органдарынан жұмыстан босату туралы бұйрықтар жойылды.
Еске сала кетсек, бұл оқиға 4 ақпанда Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болған. Премиум санаттағы жол талғамайтын көліктің жүргізушісін жылдамдықты арттырғаны үшін полиция тоқтатқан еді. Алайда ол ашуланып, дөрекі жауап беріп, полиция қызметкерлеріне көлігінің нөмірін «полиция есте сақтап алуы керек» деп айтқан. Оқиғадан кейін полицияның мәліметінше, жүргізушіні жауапкершіліктен босатып жіберген екі патрульдік қызметкер жұмыстан шығарылған.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды