Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды

cover Фото: Көрнекілік үшін

Атырау облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан сәтте Атырау — Құлсары тасжолы бойында жолдан шығып кеткен Shacman жүк көлігінің есінен танып қалған жүргізушісін құтқарды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Оқиға орнына дереу тоқтаған полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің есінен танып қалғанын анықтап, жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жедел жәрдем қызметі шақыртылып, 43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оқыс оқиғаның алдын алынды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар