Жоғарғы соттың үш судьясы отставкаға кетті

cover Фото: әлеуметтік желіден

Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы сотының үш судьясын қызметінен босатты. Бұл ұсыныс мемлекет басшысынан келіп түскен, деп хабарлайды Orda.kz.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың айтуынша, судьялар әділ сот жүйесін дамыту ісіне айтарлықтай үлес қосқан.

«Мемлекет басшысы Жоғарғы соттың аталған судьяларын отставкаға жіберу жөнінде ұсыныс енгізді. Ғабит Өмірханұлы, Роза Қайроллақызы және Тыныштық Әмірқызы шамамен 30 жыл бойы сот жүйесінде қызмет етіп, беделімен және жоғары кәсіби біліктілігімен танылған. Олар сот төрелігіне адал қызмет етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосты», – деді Д. Малахов.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, президент Олжас Бектеновке экономикалық реформаларды іске асыруға тапсырма берді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар