Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
Фото: gov.kz
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды Orda.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан азаматтарын соғыс оты тұтанған Таяу Шығыстан елге қайтару жұмысы жалғасуда, осы орайда «Air Astana» әуе компаниясы екі рейс орындайды. Атап айтсақ, Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша, 148 орындық A320 әуе кемесімен және Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша, 184 орындық A321 әуе кемесімен азаматтар елге оралады.
Сондай-ақ «Fly Dubai» әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша екі рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша бір рейс орындауды жоспарлап отыр.
Жалпы саны 506 жолаушыны тасымалдау көзделген. Азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз ету жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдармен үйлестіріле отырып жалғасуда.
Бұған дейін хабарланғанымыздай, 9 мыңнан астам қазақстандық Таяу Шығыс елдерінде қалып отыр. Тағы 1200-ден астам азамат шиеленіс аймағынан елге оралды.
Еске салсақ 4-ақпанда SCAT Airlines әуе компаниясы арқылы Оман астанасынан Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша 314 адам елге келді.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдар басшыларына, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының және ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ өңір әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.
Оқи отырыңыз:
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
Жаңалықтар
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды