ЖИ министрлігінің кейбір өкілеттігі ҰҚК бақылауына өтті
Фото: gov.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірқатар маңызды өкілеттігін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа құжатқа сәйкес, ҰҚК ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды нысандарындағы мемлекеттік бақылау функцияларын өз мойнына алады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін» деп жазылған жарлықта.
Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеу және Комитет туралы заңды жаңарту жүктелді. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне тапсырылды. Құжат 25 желтоқсанда қол қойылған күннен бастап ресми түрде күшіне енді.
Бұл шешім Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретін кеңейтуге бағытталған соңғы кезеңдегі маңызды қадамдардың бірі. Бұған дейін президент ҰҚК-ның қаржылық мониторинг және мемлекеттік материалдық резервтерді басқару саласындағы өкілеттігін арттыратын жарлыққа қол қойған болатын.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды