Жетісу полицейлері Талдықорғандағы әйел адамды бауыздамақ болған өрескел қылмыс жайында айтты

cover

Жетісу облыстық полициясының баспасөз қызметі қазақстандықтарды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты Orda.kz тілшісіне түсініктеме берді. Талдықорған қаласының тұрғыны сүйген қызы болған. Полицияның хабарлауынша, жәбірленуші 27 қазанда оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген. Тексеруден және алғашқы медициналық көмектен кейін оны ауруханаға жатқызбай, үйіне жіберген.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жәбірленуші Талдықорған қалалық ІІБ-не шақырылған, ол жақта құрбысын ертіп келген.

«Тергеушінің кабинетінде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде әйелдің жалпы хал-жағдайы қажетті медициналық талаптарға толық сәйкес келеді (есін жоғалту және басқа белгілер байқалмады) Полиция жәбірленушіге қысым көрсету және іске бейтарап көзқарас болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарады» деп хабарлады мекеме.


28 қазанда оқиғадан кейін бірден полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады, ал 30 қазанда қалалық сот жігітке бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы санкция берді. Қылмыстық істің сараптауы 3 қарашада бұзақылықтан кісі өлтіруге оқталуға ауыстырылған соң, шабуыл жасаған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оны қамауға алуды сұраған тергеу болғанын атап көрсетеді.

«Алдын ала тергеу барысында жәбірленушінің күдіктімен жарты жылдай жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Белгілі болғандай, жастар жиі жанжалдасса да қарым-қатынастарын үзбеген. Шілде айының басында оның өтініші бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қалалық сот оның мінез-құлқына ерекше талаптар қойды, бұл жуапкершілік мерзімнің өтуіне байланысты 1 қазанда алынып тасталды» деп түсіндірді мекеме. 


Қазіргі таңда істің тергеуі облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда қаскүнем 28 жастағы қала тұрғынына тапа-тал түсте сұлулық салонында шабуыл жасаған болатын. Ол оны бауыздап тастамақ болған. Жетісу облысы тергеу сотында күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қаралды. Прокурордың сотталушыны қамауға алу туралы өтінішіне қарамастан, судья оны үйқамаққа босату туралы шешім қабылдаған.

Кейін #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жан түршігерлік оқиғаның жаңа мәліметтерін жариялады. Құқық қорғаушы полиция қызметкерлерінің жәбірленушіні заңсыз әрекеттерге ұшыратқанына сенімді.

 «Операция кезінде полиция ауруханаға келіп, оны күтіп тұрды, ол жансақтау бөлімі мен операциядан кейін бір сағаттан кейін ауруханадан шығарылды. Оны наркоздан әлі айыға қоймаған кейпінде полиция бөліміне апарды. Ол айықпаған наркоз салдарынан құсты, тұра алмады, жүре алмады, соған қарамастан полицейлер оны тергеп, құжатқа қол қоюға мәжбүр етті. Иә, оны мәжбүрледі, өйткені ол әлі есін жимаған, жауап алу кезінде ол өзін нашар сезініп, қайтадан құса бастаған» деп жазды құқық қорғаушы өзінің Telegram арнасында.


Дина Таңсәрінің айтуынша, дәрігерлер де қызды операциядан кейін босатып, полицияның тергеуге алып кетуіне рұқсат бермеуі керек еді. Құқық қорғаушы осы оқиғаға қатысқан барлық құқық қорғау қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар