Жетісу өңірінде металлургиялық зауыт салынады
Сурет көрнекілік үшін
Жоба құны – 1,3 трлн теңге.
Жетісу өңірінде қуаттылығы жылына 860 мың тонна мыс концентратын шығаратын металлургиялық зауыт құрылысының ірі жобасын жүзеге асыру басталды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаның құны 1,3 трлн теңге, компания 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта жабдықтар мен тауарларды сақтауға арналған қоймалар мен басқа да техникалық үй-жайлардың құрылысы аяқталды. Зауыт құрылысы 2025 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады.
Жобаны «Consolidated Construction Mining Company» ЖШС жүзеге асыруда.
Жалпы, Бейбіт Исабаев мәлім еткендей, облыстың 2030 жылға дейінгі инвестициялық қоржынында 9 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 2,2 триллион теңге болатын 184 жоба бар.
Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанға тікелей шетелдік инвестиция тарту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары туралы айтқан болатын.
«Өткен жылы біздің тікелей шетелдік инвестиция көлемі соңғы 10 жылдағы рекордтық деңгейге жетіп, 28 миллиард долларды құрады. Бұл инвестициялар бірінші кезекте тау-кен металлургия кешеніне, өңдеу өнеркәсібіне, саудаға, көлік пен қаржы секторына бағытталды», - деді Әлихан Смайылов.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды