Жетісу облысында депутатты пышақтап өлтірді

cover

Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының 34 жастағы депутаты Дәурен Сіләмовтің мәйіті 15 қаңтарда Үшарал қаласында табылды.

Белгісіз біреулер оған бірнеше пышақ жарақатын салған.

Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіләмов ауыл шаруашылығын, экологияны, көлік және коммуникацияларды, құрылысты, индустриалды-инновациялық және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі болды. Ол «Слямов» шаруа қожалығының иесі болғаны да белгілі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар