Жеті жылдық тозақ: Петропавлда күйеуінен күнде таяқ жеген әйел мүгедек болып қалды
Фото: Верониканың әпкесі жіберді
Петропавл қаласында бірнеше жыл бойы отбасын азаптап келген ер адам әйелін мүгедек етіп, балаларын да жәбірледі. Жәбірленушінің туыстары Orda.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Тамараның әпкесі Вероника Николаева: «Сіңілімді құтқарыңыздаршы!» деп көмек сұрады. Оның айтуынша, Тамараның бес баласы бар, ол күйеуінен бірнеше жыл бойы соққы көріп, ақыры мүгедек болып қалған. Соңғы рет Тамараны көшеде ес-түссіз құлап жатқан жерінен тұрғындар тауып алып, туыстарына хабар берген.
«Сіңілім күйеуімен, бала-шағасымен және анасымен бірге тұрған. Кейін анасы басындағы үйін беріп, бөлек шыққан. Міне, жеті жыл болды, Тамара таяқтан көз ашқан жоқ. Бұл — біздің білгеніміз ғана, ал білмейтініміз қаншама. Соңғы төрт жылда күйеуі сіңілімді бізбен араластырмады. Барсақ, қуып, үйіне кіргізбейді. Бір күні сіңілім өзі келіп еді, бет-аузынан сау-тамтық жоқ, бірақ «бәрі жақсы» дейді. Анасы білдірмей, оны телефон камерасына түсіріп алған. Сіңілімнің тілінде кемістік бар, жағдайды дұрыс айтып жеткізе алмайды», — дейді Вероника.
Верониканың айтуынша, Тамара бірнеше рет соққыдан ауруханаға ауыр халде түскен, оған ота жасалған. Бірақ күйеуі ұруын тоқтатпаған. Соның салдарынан ол эпилепсияға шалдыққан, жиі талма ұстап, сал болып қалған.
«Күйеуі Дмитриймен 18 жыл бірге тұрып келеді. Балалардың да жағдайы ауыр. Мектептегі мұғалімдер неге байқамағанына әлі таңбыз. Сіңілім шіркеуден берілетін көмекпен ғана күн көреді, күйеуі оны күштеп қайыр сұратқан. Ал күйеуі өмірі жұмыс істемеген, балалар үйінде өскен адам. Қазір сіңілім біздің үйде, жағдайы өте нашар, екі аяғын басып жүре алмайды. Ал балалар күйеуінің қолында. Кеше полиция барған кезде күйеуі оларға шабуыл жасаған. 17 жастағы ұлы анасына қарсы шығып, әкесін жақтап тұр», — дейді Вероника Николаева.
Жәбірленушінің туыстары ер адамды әкелік құқынан айырып, Тамараға көмек көрсетуді сұрап отыр.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, осы уақытқа дейін бұл отбасынан ешқандай арыз-шағым түспеген.
«Отбасының тұрғылықты жеріне полиция қызметкерлері қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандарымен бірлесіп шұғыл барды. Уәкілетті органдар 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың тұрмыс жағдайын тексерді. Көршілерден жауап алынды. Балалардың анасының қайда тұратыны да анықталды. Әйел күйеуінің тарапынан жасалған заңға қайшы әрекеттер бойынша арыз жазды», — деді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.
#НеМолчиKZ қоры жылдар бойы ұрып-соғып, мүгедек еткен ер адамның TikTok-та қыздарымен бірге видео жариялап жүргенін айтып, құзырлы органдардан отбасын қорғауды талап етті.
Қазір ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол қамауға алынды. Балалар аналарының қамқорлығына тапсырылды.
Жаңалықтар
- ERG сатыла ма? Миллиардер Ибрагимов активтер үшін талас-тартыс барын меңзеді
- Өзбекстан президенті қызына тағы бір жылы орын тауып берді
- Қырғызстанда қыз сүйісіп тұрған жігітінің тілі мен ернін тістеп жұлып алды
- Тоқаев Ресейдегі «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қойды
- Жеті жылдық тозақ: Петропавлда күйеуінен күнде таяқ жеген әйел мүгедек болып қалды
- Дәрігерлер елемеген қауіп: шизофрениямен ауыратын ер адам көршісін 27 рет пышақтады
- Жолда дөрекілік көрсеткен ІІМ магистранты қызметіне қайта оралды
- Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынады
- «Педофил — Алланың барына дәлел»: Нұр-Мүбаракта имам жұрттың жағасын ұстатты
- «Қазақстанды танытқаныма мақтанамын» — Рыбакина жанкүйерлеріне үндеу жасады
- Грузияда құлаған Түркияның ұшағындағы барлық әскер қаза тапты
- Ақмола облысында балықшы мұз астына түсіп кетіп, көз жұмды
- Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді
- Грузияда Түркияның әскери ұшағы апатқа ұшырады
- Жамбыл облысында 12 оқушы тамақтан уланды
- Мәскеуде Тоқаевты «Жоғары мәртебелі» деп қарсы алды
- Мұрат Әбділдә түрме сахнасында өнер көрсетті
- «Хуторсыз Талғар, сынған әйнек, дүрбелеңге түскен туыс»: Хасан Қасымбаевтың соңғы соты қалай өтті?
- Қазақстандық шенеуніктердің Украинаға заңсыз оқ-дәрі сатуы мүмкін екені анықталды
- Ресейлік БАҚ қазақ тарихшысын «Гитлерді ақтады» деп айыптады