Жер сілкінісі болған Түркияға Қазақстан мектеп салып бермекші

cover Фото: freepik.com

Түркиядағы жер сілкінісі болған Газиантепте Қазақстан салып беретін мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Былтыр ақпан айында Түркияда жойқын жер сілкінісінен 50 мыңнан аса адам қайтыс болған еді. Зілзаладан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Осыған байланысты Қазақстан да бұл аймаққа мектеп салып беруді көздеп отыр. Кеше, 19 желтоқсан күні Газиантепте біздің елдің атынан салынатын мектептің іргетасы құйылды. 

Жобаның жалпы құны 6 млрд теңге. Мектеп құрылысын толықтай Қазақстан үкіметі қаржыландырып, отандық компания салады. Құрылысты жобалау жетекшісінің айтуынша, мектеп 2026 жылы пайдалануға беріледі.

Заманауи жабдықталған үш қабатты мектепте мыңға жуық бала білім алатын болады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар