Жексенбі күні Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
Жексенбі күні Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында 11 қаңтарда түнде көктайғақ күтіледі, күндіз де көктайғақ болады. Солтүстік пен орталықта тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысы мен орталығында секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Қызылорда қаласында 11 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі, кей уақытта тұман болады.
Атырау облысында 11 қаңтарда солтүстікте, батыста және оңтүстікте тұман мен көктайғақ күтіледі. Атырау қаласындада 11 қаңтарда мезгіл-мезгіл тұман мен көктайғақ болжанады.
Ақмола облысында 11 қаңтарда күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі. Астана қаласында 11 қаңтарда күндіз көктайғақ болжанады.
Түркістан облысында 11 қаңтарда батыста, солтүстікте және таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таулы аудандарда секундына 15–20 метр, екпіні 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Түркістан қаласында 11 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында 11 қаңтарда түнде батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және орталықта тұман күтіледі. Ақтау қаласында 11 қаңтарда түнде және таңертең тұман болжанады.
Ақтөбе облысында 11 қаңтарда түнде көктайғақ, ал күндіз солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталықта тұман болады. Ақтөбе қаласында 11 қаңтарда көктайғақ болжанады.
Қостанай облысында 11 қаңтарда күндіз солтүстік пен шығыста қатты қар жауады. Түнде батыс пен солтүстікте қар, төменгі боран және көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Батыс пен солтүстікте тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз солтүстік пен шығыста секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Қостанай қаласында 11 қаңтарда таңертең және күндіз қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында 11 қаңтарда күндіз батыс пен оңтүстікте қар, төменгі боран және көктайғақ күтіледі. Батыс пен оңтүстікте тұман болады.
Павлодар облысында 11 қаңтарда түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және батыста тұман күтіледі.
Ұлытау облысында 11 қаңтарда күндіз батыс, солтүстік және орталықта көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз шығыста екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Жезқазған қаласында 11 қаңтарда күндіз көктайғақ болжанады.
Қарағанды облысында 11 қаңтарда күндіз батыс пен солтүстікте көктайғақ күтіледі. Солтүстік пен шығыста тұман болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батыс, солтүстік және шығыста екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында 11 қаңтарда түнде шығыста қар және төменгі боран күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және шығыста тұман мен көктайғақ болады. Орал қаласында 11 қаңтарда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болжанады.
Жетісу облысында 11 қаңтарда түнде және таңертең шығыста, орталықта және таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15–20 метр, кейде 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 11 қаңтарда оңтүстікте тұман күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғады, солтүстік пен оңтүстік-шығыста секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өскемен қаласында 11 қаңтарда оңтүстік-шығыс желі соғып, екпіні 15–18 метрге дейін жетеді.
Абай облысында 11 қаңтарда оңтүстікте тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен соғады, батыс, солтүстік және орталықта секундына 15–20 метр, екпіні 23 метрге дейін жетуі мүмкін.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды